366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай тұрғынынан 120 грамм героин тәркіленді

  • 114
  • UPD: 11:40, 08.10.2018
Қостанай тұрғынынан 120 грамм героин тәркіленді knews.kg

Бұл салмақ аса ірі көлем саналады.

Таксиде кетіп бара жатқан ер адам «Көкнәр-2018» шүғыл алдын алу шарасы барысында ұсталған. Тексере келгенде одан 120 грамнан астам героин табылды. Бұрын сотталған күдікті есірткіні өзі тұтыну үшін сақтағандығын айтады.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабына сәйкес, «аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтады» деген айыппен сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осы шұғыл алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлері 40 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

Авторы: Мағауия Қалиев

Хабар 24 телеарнасы