366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жүргіншілер жолағында ана мен қызын көлік қағып кетті

  • 164
  • UPD: 15:37, 08.10.2018
Оралда жүргіншілер жолағында ана мен қызын көлік қағып кетті ptzgovorit.ru

Оралда бүгін таңертең Достық және Ғұмар Қараш көшелерінің қиылысында аралары жарты сағат салып екі бірдей жол-көлік оқиғасы болды.

Бірінші апат сағат 10.30-да болды. Достық даңғылымен бара жатқан «Нива Шевроле» автомобилі «Лада Калинаға» соғылған.

Жол-көлік оқиғасында зардап шеккен автомобильдердің кесірінен кептеліс пайда болып, көліктер қарсы қозғалыстағы жолаққа шығып кеткен. Қарбаласта «Волга» көлігі жүргіншілер жолағында әйел мен оның 9 жастағы қызын қағып кетті.

«40 жастағы әйел мен оның қызы қалалық көпфункционалды ауруханаға жатқызылды. Алдын ала диагноз – жабық бас-ми жарақаты», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Екінші жол-көлік оқиғасынан кейін оқиға орнына жергілікті полиция қызметкерлері келіп, көліктерді жол бойынан алып тастады.

Хабар 24 телеарнасы