366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда автомобиль түйеге соғылды

  • 138
  • UPD: 17:21, 08.10.2018
Маңғыстауда автомобиль түйеге соғылды tumba.kz

Маңғыстау облысындағы автожолда жеңіл көлік пен түйенің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Tumba.kz.

Жол апаты салдарынан Mercedes автомобилінің жолаушысы – 53 жастағы әйел жарақат алды. Көлік жүргізуші 56 жастағы ер адам зардап шеккен жоқ.

Оқиға Ақтау-Жаңаөзен тас жолының 22 шақырымында бірнеше күн бұрын болған.

Түйенің жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Хабар 24 телеарнасы