366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды балабақшасынан жағы тесілген 4 жастағы баланы жедел жәрдем алып кетті

  • 149
  • UPD: 18:32, 08.10.2018
Қарағанды балабақшасынан жағы тесілген 4 жастағы баланы жедел жәрдем алып кетті tengrinews.kz

Қарағандының балабақшасында жағы тесілген 4 жастағы ұл баланы жедел жәрдем алып кетті.

Бұл туралы баланың анасы skandal_krg Instagram парақшасына жарақат алған баласының суреті мен өзінің видеоүндеуін жариялады.

«Балабақшада белгісіз жағдайлармен бүлдіршіннің төменгі жағы тесілген», деп жазған парақша администраторы.

Әйелдің айтуынша, оқиға 5 қазан күні болған.

«Менің ұлым 4 жаста. Біз оны Зелинский көшесіндегі балабақшаға апарамыз. 5 қазан күні мен оны балабақшаға апардым. Алайда балам ол жерден жедел жәрдеммен жақ-бет ауруханасына жеткізілді. Айта кетейін, балабақша қызметкерлері жедел жәрдемді шақырмаған, оны менің анам шақырған. Олар баланы алып кетуді өтініп, оны учаскелік дәрігерге апарған. Ауруханада оның тесік жарақаттары бар екені анықталды, сондықтан оның төменгі жағын түгелдей тігуге тура келді», - дейді баланың анасы.

«Қазіргі уақытта менің балам не тамақ, не су іше алмайды. Оның жағы қатты ауырады, ол айғайлай береді. «Мама, мен қорқамын». Бұл ана үшін ең ауыр сөздер. Ешкімге тілемеймін», деп жылады әйел.

Қарағанды облысының ІІД және прокуратура жақын арада ақпарат беруге уәде берді.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар видеоүндеуді зерттеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы