365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жолаушылар автобусы соқтығысып, 4 адам зардап шекті

  • 152
  • UPD: 18:39, 08.10.2018
Астанада жолаушылар автобусы соқтығысып, 4 адам зардап шекті видеодан үзінді

Астанада Сарыарқа даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысына жақын маңдағы аялдамада жолаушылар автобус соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Автобустардың соқтығысқан сәтінде түсірілген видео Instagram желісіндегі astanovka98 парақшасында жарияланды. «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметі осы деректі растады. № 102 және №46 бағытында жүретін автобустар 8 қазанда таңғы 07.00 шамасында соқтығысқан. Компаниядағылар №102 автобустың жүргізушісі кінәлі екенін мәлімдеді.

«Осы дерекке қатысты Астана жергілікті полиция қызметінің мамандары №102 бағытында жүретін автобустың жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырды. Осы автобустың жүргізушісі процессуалдық шешім шығарылғанға дейін, қызметінен шектелді. Ары қарай ол жұмыстан босатылып, «қара тізімге» енгізіледі. Бұл дегеніміз ол елордада қоғамдық көлік саласында жұмыс істей алмайды деген сөз», - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам зардап шеккені белгілі болды.

«Зардап шеккен төрт адам қалалық 2 ауруханасына жеткізілді. Оларға қажетті емдеу шаралары көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Олар өзі тұратын жергілікті емханадан амбулаториялық ем қабылдайтын болады», - деді Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы