366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда ұйықтап қалған клиент барды тонап кеткен

  • 83
  • UPD: 13:03, 09.10.2018
Ақтауда ұйықтап қалған клиент барды тонап кеткен © inaktau.kz

Ақтауда өзгеше тәсілмен барды тонап кеткен жігіт іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ИнАктау» сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, 30 қыркүйекте жігіт қаладағы барлардың біріне мас күйде келген. Кейін сол жерде ұйықтап қалған. Ал бар қызметкерлері клиентті байқамай, үйлеріне қайтып кеткен.

Таңертең оянғанда ер адам мекемеде жалғыз екенін түсініп, жағдайды пайдалануды шешкен. Ол темекі, алкоголь және он мың теңгені алып, «қонақжай мекемеден» шығып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы