360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көліктегі ІІД басшысының бірінші орынбасары ұсталды

  • 149
  • UPD: 23:15, 09.10.2018

Еліміздің Ішкі істер министрлігіне қарасты Көліктегі Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар24».

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оның дизель жанармайын жымқыруға қатысы бары анықталған. Атап айтқанда, айыпталушы «Қазақстан отын-энергетикалық кешені серіктестігінің өңірлік басшыларына қолдау жасаған. Қазір шығын көлемі есептеліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жанна Бастарова, ҚР МҚІСЖҚА ресми өкілі:

– Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы ай сайын «ҚТЖ» ҰК «Қазақстан отын-энергетикалық кешені» ЖШС жанармай қоймасында сақталған дизель отынын жымқырғаны анықталды. «Қазақстан отын-энергетикалық кешені» ЖШС аумағының маңайында дизель отыны бар сыйымдылыққа құбыр ойымы жүзеге асырылды. Мұнда жымқыруға қатысқан автокөліктерге май құю, станция иелеріне тиесілі бензин тасымалдаушы көліктерге отынды құю іске асырылған.

Хабар 24 телеарнасы