366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде микроавтобус жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті

  • 135
  • UPD: 16:58, 09.10.2018
Өскеменде микроавтобус жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті dpchas.com.ua

Өскеменде жаяу жүргіншілер жолағында микроавтобус жүргізушісі 19 жастағы қызды қағып кетті деп жазады yk-news.kz.

Оқиға 8 қазан күні Тәуелсіздік даңғылында болған.

Қоғамдық көліктің 33 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 19 жастағы тұрғынды қағып кеткен. 

«Дене жарақатын алған қыз бала 1-қалалық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге қатысты алдын ала тергеу басталды», - дейді қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы