366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып, 1 әйел мен 5 бала зардап шекті

  • 154
  • UPD: 17:20, 09.10.2018
Ақмола облысында жылу қазандығы жарылып, 1 әйел мен 5 бала зардап шекті Аbctv.kz

Ақмола облысы Аршалы ауданында жылу қазандығы жарылып, 6 адам зардап шекті, - деп жазады Sn.kz.

Жылу қазандығы жарылған кезде үйде 1981 жылғы әйел мен 5 бала болған.

«Түрлі жарақат алған әйел мен балалар жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Дәрігер қарауында болған алтауы да кейін үйлеріне қайтарылды», - деп хабарлайды Ақмола облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына 6 құтқарушы жеткен. Қазандықтың неге жарылғаны анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы