365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда әскери бөлім сарбазы асылып қалған күйінде табылды

  • 167
  • UPD: 15:23, 10.10.2018
Ақтауда әскери бөлім сарбазы асылып қалған күйінде табылды sputniknews.kz

Ақтаудағы №25425 әскери бөлімінің сарбазы асылып қалған күйінде табылды.

Қайғылы дерек 9 қазанда тіркелді. Қайтыс болған жігіттің 1994 жылы Маңғыстау өңірінде туғаны, Отан алдындағы борышын келісімшарт негізінде өтеп жүргені мәлім болды.

Жауынгерлік құрылым басшыларының айтуынша, әскери оқу-жаттығуларда үздіктердің бірі болған жігіттің өлімі жұмбақ күйде қалып отыр. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып, құқық қорғау органдары оқыс оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Авторы: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы