360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында ер адам 3 жастағы қызын зорлап өлтірген деп айыпталуда

  • 202
  • UPD: 18:50, 10.10.2018
Түркістан облысында ер адам 3 жастағы қызын зорлап өлтірген деп айыпталуда ult.kz

Ордабасы ауданында 40 жастағы ер адам өз қызын зорлап өлтірген деп айыпталуда, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылының 1978 жылғы тұрғыны өз қызын зорлап өлтірген. Елдің жағасын ұстатқан бұл оқиға 6 қазан күні болған.

40 жастағы ер адам ішімдікке сылқия тойып, өзінің туған қызын зорлап, қасақана өлтіреді. Серік есімді күдіктіні оқиға болған жерде тәртіп сақшылары құрықтаған.

Ордабасы аудандық соты 2018 жылдың 8 қазан күні күдіктіні қамауға алу туралы санкция берді. Қолға түскен қанды қол әкеге ҚР ҚК 120-бабы 4-бөлігімен, яғни «кәмелетке толмаған тұлғаны зорлау», 99-бабының 3,5,14-бөліктері бойынша, яғни шарасыз халдегі кәмелетке толмаған тұлғаны аса қатыгездікпен өлтіру бойынша айыпталуда.

Өз әкесінің қолынан көз жұмған 3 жасар бүлдіршін отбасындағы жалғыз перзент көрінеді.

Айта кеткен жөн, күдікті бұрын сотты болмаған.

Хабар 24 телеарнасы