360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да бюджеттен 67 млн теңге жымқырған директор сотталды

  • 161
  • UPD: 12:59, 11.10.2018
ШҚО-да бюджеттен 67 млн теңге жымқырған директор сотталды altaynews.kz

ШҚО-дағы«Ауыл шараушылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалының бұрынғы директоры 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Ол 2008 – 2015 жылдар аралығында аталмыш филиалда заңгер, одан соң директордың орынбасары, директор болып істей жүріп ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, ауыл тұрғындарына несие беру үшін бөлінген бюджет қаржысын жымқырып келген.

5 адамнан тұратын қылмыстық топ жалған кепілдік мүлік келісім шарттары негізінде жалған несиелік құжаттар жасау арқылы Үржар, Көкпекті, Бороудлиха аудандарының және Өскемен, Семей қалаларының тұрғындарына несие беру туралы шешім шығарған.

Қылмыстық топ қаржыны несие алушы тұрғындардың атына аударып отырған. Несие алушы тұрғындар «сыйақы» ретінде ол қаржының шағын бөлігін қылмыстық топ мүшелері арқылы қор филиалы директорына беріп отырған.

Бұрынғы директордың қылмыстық әрекеттерінен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалына 67 миллион 510 мың 867 теңге, тұрғындарға 24 миллион 300 000 теңге материалдық шығын келген.

Ол лауазымдық өкілдігін асыра пайдаланып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, алаяқтық әрекеттер жасап, мемлекетке аса ірі мөлшерде шығын келтіргені үшін 8 жылға бас бостандығынан айрылды.

Осыдан бірнеше күн бұрын шығарылған сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы