360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде бір үйір жылқыны айдап кеткен ұры қолға түсті

  • 151
  • UPD: 15:06, 11.10.2018
Ақтөбеде бір үйір жылқыны айдап кеткен ұры қолға түсті kostanaytv.kz

Ақтөбелік тәртіп сақшылары бір үйір жылқы ұрлаған ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі.

3 қазан күні Хромтау ауданындағы шаруа қожалығының иесі полицияға шағымданған болатын. Ол Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа селосы маңына таяу маңдағы жайылымнан 24 бас ірі қарасы, яғни жылқыларының қолды болғанын айтты.

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлерінің жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті, Әйтеке би ауданының тұрғыны ұсталды. Ұрланған мал иесіне қайтарылды.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен сот алды тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы