360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғарыш кемесінің қос бөлшегі Балқаш маңына құлаған болуы мүмкін

  • 114
  • UPD: 19:50, 11.10.2018
Ғарыш кемесінің қос бөлшегі Балқаш маңына құлаған болуы мүмкін

Байқоңырдан көкке көтерілген бойда қозғалтқышы істен шығып, апатқа ұшыраған «Союз МС-10» ғарыш кемесінің екі сатысы Балқаш қаласының аумағына құлауы мүмкін.

Еліміздің төтенше жағдайлар комитеті осындай мәлімет таратты. Дегенмен, бұл алдын ала болжам ғана. Іздестіру жұмыстары әлі жүріп жатыр. Әзірге зымыран бөлшектері Балқаш қаласынан шамамен 20-25 шақырым жерге құлаған деген болжам бар. Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің айтуынша, зымыранға керосин мен оттегі құйылған.

Хабар 24 телеарнасы