376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда автомат оқтарын сатпақ болған әскери қызметкер ұсталды

  • 473
  • UPD: 14:35, 12.10.2018
Таразда автомат оқтарын сатпақ болған әскери қызметкер ұсталды volynonline.com

Облыстық ішкі істер департаменті берген мәліметке сәйкес 28 жастағы взвод командирі 130 дана оқты саудалап, пайда таппақ болған.

№85395 әскери бөлімінің аға лейтенанты қала кафелерінің бірінде Калашников автоматының оқтарын сатқалы жатқан жерінен қолға түсті. Оның оқ-дәріні қайдан алғаны, кімге, қандай мақсатта сатпақ болғаны әзірге белгісіз. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Авторы: Руслан Бақытбекұлы

Хабар 24 телеарнасы