365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ер адам әйелін сабап өлтірді

  • 282
  • UPD: 18:56, 12.10.2018
Шымкентте ер адам әйелін сабап өлтірді

Шымкенттегі Қайнарбұлақ саяжайында ер адам азаматтық некедегі әйелін ұрып соғып өлтірген.

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Туыс әпкесінің үйіне қонаққа келген бүлдіршін қыз бала қанды оқиғаның басты куәгері болған.

Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотына 1986 жылы туған Эрик есімді күдіктіге қатысты қылмыстық іс материалдары келіп түскен. Эрик есімді Шымкент қаласының тұрғыны марқұм әйелімен ұзақ уақыттан бері азаматтық некеде болған. Екеуінің егіз сәбиі бар. Бүлдіршіндерінің анасын ұрып өлтірген күдікті уақытша жұмыссыз болған.

Сотталушы арақ ішіп, ақырында тағы да алкоголь ішкісі кеп іздей бастайды. Әйелін сыраға дүкенге жұмсамақ болған. Дүкенге баруға қарсы болған әйеліне ашуланған күйеуі ашуға мініп, дереу жанжалдасып, ақырында әбден ұрып соғып өлтірген. Марқұм әйелдің артында емізулі бір жастағы егіз балалары қалды.

Хабар 24 телеарнасы