366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада басы кесілген қыз мәйіті табылды

  • 414
  • UPD: 13:33, 13.10.2018
Қызылордада басы кесілген қыз мәйіті табылды

Қызылорданың Тасбөгет қыстағында жантүршігерлік оқиға болды.

Мұнда көліктен басы кесілген қыздың мәйіті табылды. Сондай-ақ көлік маңында жараланған жігіт жатқан. Ал қыздың кесілген басы сәл кейінірек сол маңайдан табылды.

Қазіргі уақытта жігіт ауруханаға жеткізіліп, қыздың мәйіті сараптамаға жіберілді. Екеуінің де жасы 20-дан енді асқан болып шықты.

Полиция тергеу мақсатында жәй-жапсарды хабарлаған жоқ. Бірақ қылмысқа қатысты күдікті ұсталып, тексеру жүріп жатыр.

Авторы: Райхан Тәжібаева

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы