386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы марафон кезінде 18 жастағы жігіт қайтыс болды

  • 616
  • UPD: 17:40, 14.10.2018
Алматыдағы марафон кезінде 18 жастағы жігіт қайтыс болды

Алматы қаласында өткен бірінші күзгі жартылай марафонда 18 жастағы жігіт қайтыс болды.

Алматыда жартылай марафонды өткізу кезінде жарысқа қатысушы астаналық 18 жастағы Максим Королев қайтыс болды. Жас жігіт Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматыдағы филиалының студенті болған. Максимге жанкүйер болып келген курстас достарының айтуынша, қайтыс болған жігіттің күрес және жауынгерлік самбодан Қазақстанның спорт шеберіне үміткер, кростан қалалық спартакиаданың жүлдегері (1 орын) болғаны анықталды. Куәгерлердің айтуынша, ол мәреге бір орам жақындап, Абай көшесімен жүгіріп келе жатқанда өзін нашар сезінген. Сол жерге жеткен жедел жәрдем бригадасы үш минуттан соң жігіттің қайтыс болғанын мәлім етті. Дәрігерлер жігіттің неліктен көз жұмғанын сот-медициналық сараптама анықтайтынын жеткізді. Оның қорытындылары алдағы уақытта туыстарына хабарланады. Шара ұйымдастырушылары жігіттің туыстарына хабар беріп, көңіл айтты, ата-анасына Алматыға жетуіне көмектесті. «Бірінші болу - батылдық» бірлескен қорының директоры Салтанат Қазыбаева жарыс кезінде ІІД қызметтері және жедел жәрдем станциясымен бірлесіп барлық бағдарлар қашанда мұқият қарастырылатынын айтты. 

«Алайда осы қайғылы оқиғадан кейін біз спортшылардың жарысқа қатысу талаптарын күшейтеміз», - деді С.Қазыбаева.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы