386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда менингитпен ауырған сарбаз көз жұмды

  • 712
  • UPD: 21:04, 15.10.2018
Ақтауда менингитпен ауырған сарбаз көз жұмды blogspot.com

Ақтауда менингит диагнозы қойылған сарбаз көз жұмды. Ол облыстық ауруханаға 30 қыркүйекте жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі күн зертханалық зерттеулер жүргізсе де, дәрігерлер бірден диагноз қоя алған жоқ. Тек 4 қазанда ғана келісімшарт бойынша әскерге алынған сарбаздан қатерлі дерт белгісі анықталды. Бес күннен соң сырқаттың жағдайы күрт нашарлап, комаға түседі. Дәрігерлер қолдан келгенше көмек бергенімен, науқас есін жимаған күйі қайтыс болды. Бұған дейін №6656 әскери бөлімінің тағы 12 жауынгері орталық емханаға жатқызылған еді. Кейін олар жазылып шығып, кері қайтарылды.

Азамат Сәрсенбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Сырқат сарбаз өткен жексенбіде таңғы 10 шамасында көз жұмды. Жағдайы аса ауыр болды. Емдеу ісіне тәжірибелі дәрігерлер қатысты. Алайда науқасты ажалдан арашалап қала алмады. Тұмау белгісімен түскен 12 сарбаз сауығып шыққан соң әскери бөлімге жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы