388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да өрттен 4 жастағы бала көз жұмды

  • 545
  • UPD: 15:12, 15.10.2018
СҚО-да өрттен 4 жастағы бала көз жұмды inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Шалқар ауылында үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан 4 жастағы бала көз жұмған. Жергілікті тұрғындар өрт сөндірушілер жеткенше баланың денесін өртке оранған үйден алып шыққан.

Тағы үш бала үйден шығып үлгерген. Өрт тұтанған кезде 12 жастағы бала сыртқа шығып үлгерген. Ол анасымен бірге бөлмелердің бірінің терезесін сындырып, 8 және 10 жастағы қыздарды құтқарған. Ал 4 жасар баланы табуға қара түтін мен лаулаған жалын кедергі жасаған.

Құтқарушылардың айтуынша, үй иесі жұмысқа кеткен, әйелі балалармен бірге үйде қалған. Аз уақытқа үйден шыққан әйел қара түтінді көзі шалған.

Хабар 24 телеарнасы