389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жоғалып кеткен аңшының мәйіті табылды

  • 487
  • UPD: 13:11, 16.10.2018

14 қазанда полиция мен ауыл тұрғындары ұшты-күйлі жоғалған 27 жастағы жігітті іздеуге шыққан болатын.

Іздеу шаралары Қорғалжын ауданының Кеңбидайық ауылының маңында жүргізілген. Себебі аңшы осы жерде түнгі сағат 03:00 шамасында көлігінен түсіп, кейін қайта оралмаған. Сол күні кешкісін көл жағалауына жақын маңнан аңшының мәйіті табылды. Қазір осы оқыс оқиғаға орай сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Маңғыстау облысында жол апатынан адамдар жараланды

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен-Жетібай тас жолында жол апаты тіркелді. Оқыс оқиға салдарынан екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, облыстық маңыздағы жолда келе жатқан жеңіл көлік кенеттен қарама-қарсы бағытқа бұрылып кетеді. Қатты жылдамдықпен соңынан басып озбақшы болған екінші көлік түйіп өтіп, өзі жолдан аударылып шығып кетеді. Жол сақшылары осы оқиғаға кінәлі тұлғаларды анықтауға кірісті.

Шығыс Қазақстан облысында 35 адам эвакуацияланды

Шығыс Қазақстанда  құтқарушылар 63 жастағы  зейнеткерді қызыл жалынның ортасынан аман алып шықты. Өрт Риддер қаласындағы көпқабатты  үйдің 1-қабатындағы пәтерден шыққан. Ондағы  ас үйі, есік жақтаулары, жиһаздары  отқа оранған. Осылайша сыртқа шығатын жол толықтай жалынмен жабылады. Зейнеткер тілсіз жаудан қашам деп балконға барып, сол жерден шыға алмай қалған.  Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушіер бірден жалын шарпыған пәтерге еніп, әйелді тысқа алып шықты. Иістен уланған зардап шегуші ауруханаға  жеткізілді. Сонымен қатар  апаттың алдын алу үшін, үйдегі 35 тұрғын  қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында балалар да бар. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 6  қызметкері мен 2 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Ақтөбе облысында өндіріс орнында жарылыс болды

Ақтөбе облысының Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатында болған жарылыс болды. Оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен 42 жастағы азамат аудандық ауруханада жатыр. бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген азамат жансақтау бөлімінде жатыр.  Ол көптеген дене жарақтарын алған, кеннің астында қалып, кеуде тұсы қысылған. Қазіргі таңда жағдайы ауыр, есін біледі. Травматолог, нейрохирург дәрігерлердің бақылаудында, облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізу жоспарланып отыр. Ал апаттың нақты себебін мамандар айтады.

Хабар 24 телеарнасы