389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйда бойжеткен ер адамды пышақтап өлтірді

  • 408
  • UPD: 14:53, 17.10.2018
Рудныйда бойжеткен ер адамды пышақтап өлтірді newsru.com

Рудныйда таныстардың көңілді отырысы қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сағат түнгі 01:00 шамасында ер адам мен бойжеткендердің бірі дәлізге шығып, ұрыса бастаған. Ұрыс кезінде бойжеткен ас ішетін бөлмеге кіріп, үстел үстінде жатқан пышақты алып, қайта дәлізге шыққан. Онда тұрған жігіттің кеуде тұсына үш рет пышақ сұққан. Ер адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады облыстық соттағылар.

Оқиғадан кейін екі бойжеткен жәбірленушінің үйін тонап үлгерген. Біреуі үйден газ плитасын шығарса, екіншісі өлген жігіттің қалтасындағы ақшасын ала кеткен. Енді олар жасаған қылмыстары үшін сот алдында жауап береді.

Хабар 24 телеарнасы