389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда Әзербайжан азаматы қару сату кезінде қолға түсті

  • 575
  • UPD: 11:31, 19.10.2018

Батыс Қазақстан облысындағы «Ақсай-Бөрлі» автожолында такси көлігі құлынды биеге соғылды.

Апат салдарынан жеңіл көлік жол жиегіне шығып кеткен және алдыңғы бөлігіне айтарлықтай зақым келген. Абырой болғанда, бұл оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жол-көлік оқиғасына байланысты әкімшілік іс қозғалды. Ал малын жол бойына қараусыз қоя берген иелері әлі табылған жоқ.    

Павлодарлық  полицейлер бір күннің ішінде 5 бірдей есірткіні заңсыз сақтау дерегін әшкереледі. Мәселен, «Екібастұз-Павлодар» бағытындағы рейстік автобус тоқталылып, қызметтік иттермен жүргізілген тексеру барысында жолаушылардың бірінің әрекеті күдік туғызады. Тінту барысында оның қалтасынан қағазға оралған және өзіндік иісі бар сұры-жасыл түсті зат табылды. Кейін тексеру барысында гашиш екендігі анықталды. Осы және өзге де фактілерге байланысты ҚР ҚК-нің тиісті баптарына орай сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалпы, аталған аймақта 9 айдың ішінде есірткі қылымына қатысты 418 қылмыстық құқық бұзушылық және 72 қылмыс жасалғаны анықталған.    

Ақтауда Әзірбайжан азаматы қару сату кезінде қолға түсті. Оның контрабандалық қаруды Иранға өткізбек болғандығы анықталды. Тергеу барысында ақтаулық өзінің кінәлі еместігіне сендіруге тырысып, бірінші сотта ақталып шығады. Алайда, күмәнді істі қайта қарау қажеттігін талап еткен  Маңғыстау облыстық прокуратурасының қызметкерлері  ақыры әділдікке қол жеткізді. Бұлтартпас дәлелдерді алға тартудың нәтижесінде Әзірбайжан азаматының қылмысы толық дәлелденді. Сөйтіп, қару сату арқылы пайда таппақ болған айыпталушы 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.    

 

Оралда жалпы құны 70 миллион теңгеге жуықтайтын киік мүйіздері жойылды. Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе ел тарихында алғаш рет қолға алынып отыр. Жойылған 148 дана мүйіздің барлығы да дала жануарларын заңсыз аулағандардан тәркіленген айғақтық заттар. Қара базарда киік мүйізінің бағасы 8 мың долларға дейін жетеді екен. Ал өңірде жойылған барлық киік мүйізінің бағасы 70 миллионға жуықтайды. Айта кетрелігі, жыл басынан бері аймақта киікті заңсыз аулауға қатысты 33 қылмыстық іс қозғалған. 

Мұхит Сүттібаев, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының бөлім маманы:

- Әлемде өте көптеген тәжірибелер бар. Осындай ұсталған, тәркіленген дәйектерді сатып, ақшасын табиғат қорғау саласына жұмсаймыз деген. Бірақ олардың көбінде қаскерліктің өршуіне септігін тигізіп отыр. Өйткені браконьерлерді ұстап аламыз, олардан мүйіздерін тәркілейміз. Тәркіленген мүйіздерді қайтадан сатып жатсақ, онымен күрестің ешқандай мәні болмайды.

Хабар 24 телеарнасы