386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 2 жасар қыз шұжықтан ұшынып көз жұмды

  • 613
  • UPD: 12:57, 22.10.2018

Ақмола облысында тамақтан уланған екі жасар сәби қайтыс болды. Ол Бурабай аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде жатқан.

Ішек инфекциясына шалдыққан бала емдеу мекемесіне қазанның 17-де жеткізіліпті. Екі күннен кейін жансақтау бөліміне түсіп, келесі күні таңертең қайтыс болады. Кішкентай қызбен бірге ауруханаға астан уланған екі бауыры да түскен екен. Олардың жағдайы қазір тұрақты.  Эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша балалар жартылай қақталған шұжықтан уланған. Тағам Щучинскдегі сауда үйлерінің бірінде сатылыпты.

Павлодарда алкоголь өнімін заңсыз сату анықталды

Ертіс өңіріндегі  ірі супермаркеттердің бірінде алкоголь өнімдері заңсыз саудаланған. Павлодардың полиция қызметкерлері жасы 21-ге толмаған азаматқа ішімдік сату дәйегін анықтады. Полиция қызметкерлері өткен аптада алкогольді өнімдерді заңсыз өткізудің 9 дерегін анықтады.  Жыл басынан бері  211 осы тектес  оқиға тіркелген екен.

Арман Қаптаев, қалалық ІІБ ЖПБ бастығы:

- Сот шешімімен лицензиясы екі айға уақытша тоқтатылды. Мұның 148 жекеменшік кәсіпкерге қатысы бар. Сонымен қатар 9 жеке кәсіпкер лицензиясынан   айырылды. Олар алкогольді өнімдерді өткізу саласында заңбұзушылыққа барған. Түн мезгілінде немесе 21 жасқа толмағандарға спиртті ішімдіктер сатылған.

Хабар 24 телеарнасы