387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда көпірден секіріп кеткен адам құтқарылды

  • 597
  • UPD: 12:38, 22.10.2018
Павлодарда көпірден секіріп кеткен адам құтқарылды pavlodarnews.kz

Облыс орталығында сенбі күні автокөлік көпірінен секірген ер адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ертіс өзенінің аумағында сағат 18.16-да жедел құтқару жасағының үш қызметкері бір жүзу құралының көмегімен көпірден секірген азаматты судан алып шықты. Олар ер адамды жедел медициналық қызметінің мамандарына тапсырды, - дейді баспасөз қызметінде.

Мұндай әрекетке барған 1962 жылғы тұрғын өңірлік психоневрологиялық диспансерде тізімге алынған.

Облыстық жедел медициналық көмек станциясының ақпаратына сүйенсек, травматолог ер адамды тексеру барысында ешбір жарақат анықталмаған. Бұдан кейін мамандар оны облыстық психоневрологиялық диспансерге тапсырған.

Хабар 24 телеарнасы