386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыс Қазақстан облысында балықшы суға кетті

  • 623
  • UPD: 14:19, 22.10.2018
Батыс Қазақстан облысында балықшы суға кетті ОТВ

Қайғылы оқиға Зеленов ауданы Рубежка ауылында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 21 қазан күні сағат 16.10-да Жайық өзенінен 1966 жылғы ер адамның мүрдесі шығарылды.

Марқұм 20 қазан күні балық аулап жүріп суға батып кеткен. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Іздестіру жұмыстарына 1 техника, 1 қайығы бар 4 құтқарушы жұмылдырылды.

Қайғылы оқиғаға байланысты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балық аулау кезінде сақ болу қажеттігін ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы