376,09 420,09 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қоқыс жәшігінің жанынан сәбидің денесі табылды

  • 642
  • UPD: 17:46, 22.10.2018
Павлодар облысында қоқыс жәшігінің жанынан сәбидің денесі табылды inform.kz

Қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы колледжің студенті екені анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Баланың салмағы 3450 келі, бойы 51 сантиметр. Айы-күні жетіліп туған. Әйел үйде босанған. Қазіргі таңда ол қалалық аурухананың гинекология бөлімінде жатыр. Медициналық және психологиялық көмек көрсетілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.

Ефремовка ауылынан келген студент көктемде жігітін әскерге жіберген. Колледжде оқып жүрген кезінде тәтесімен және жездесімен тұрып жатқан.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 21 қазан күні жаңа туған сәбидің денесі табылған.

Аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және тиісті сараптама тағайындалды.

«Баланың анасы кім екені анықталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда», - дейді ведомствода.

Хабар 24 телеарнасы