386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да балалардың ойынынан 156 тонна шөп жанып кетті

  • 686
  • UPD: 12:15, 23.10.2018
БҚО-да балалардың ойынынан 156 тонна шөп жанып кетті radio7.kz

Батыс Қазақстан облысында балалардың ойынынан от шықты.

Салдарынан Жаңақала ауданына қарасты Сүгірәлі ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 156 тонна шөп жанып кетті. 430 шаршы метр аумақты шарпыған өрт бес сағатқа созылыпты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД 5 өрт сөндірушісі, мамандандырылған 2 техника бірлігі және ерікті өртке қарсы құрамның 24 қызметкері жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы