386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада ақшамен алаяқтық қылған Иран азаматшасы ұсталды

  • 584
  • UPD: 13:43, 25.10.2018

Астанада полицейлер сауда орталықтары мен қонақ үйлерінде алдау арқылы 200 мың теңгені иеленіп кеткен алаяқ әйелді ұстады.

Ол 37 жастағы Иран Ислам республикасының азаматы екен. Шетелден келген турист  10 және 20 мың теңгені  ұсақ ақшаға ауыстыру үшін кассаға келеді. Бірақ купюраларды кассирдің қолына ұстатпайды. Алған ақшаны қайта санап, бір бөлігін тығып қалады. Артынан ақша айырбастаудан айнып қалған кейіп танытып, жылдам  сыртқа  шығып кетеді. Жуырда алаяқ әйелді қолға түсірген полиция қызметкерлері оны уақытша тергеу изоляторына қамады. Алданғандар шетел азаматын таныған. Полиция қызметкерлері  алаяқтың арбауынан сан соғып қалғандар болса полиция Департаментіне төмендегі телефондар арқылы   хабарласуын сұрайды.

8(7172)71-60-69, 71-60-24, ұялы.тел: 8-702-555-93-23 немесе  102.

Солтүстік Қазақстандық полицейлер заңсыз аңшылық жасаған браконьерді құрықтады. Ол қорық аумағынан алты маралды атып алған. Тәртіп сақшылары оқиға орнынан жануардың басымен тұяқтарын тауып, екі күннен кейін күдіктіні қолға түсірді. Ол Петропавл қаласының 1982 жылғы тұрғыны болып шықты. Қазір  азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егерде күдіктінің кінәсі дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жалпы жыл басынан өңірде табиғат заңнамасыз бұзудың 632 фактісі тіркелді.

Алматы облысында қызыл кітапқа енген жануарды атқан аңшылар ұсталды

Алматы облысының Балқаш ауданында  қызыл кітапқа енген жануарларды атып алған  аңшылар ұсталды. Полицейлер «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп жүргізген рейд барысында тоқтатқан көліктен  екі қарақұйрықтың еті табылды. Үш ере адамнан шолақ және тегіс  ұңғылы мылтық  тәркіленді. Сондай-ақ  Іле-Алатауы қорығында қырғауыл атып жүрген Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны ұсталды. Полицейлер Қапшағайда тыйым салынған аулармен балық ұстаған браконьерлердің де жолын кескен. Жалпы, «Браконьер» республикалық акциясы шеңберінде заңсыз аң атудың 29 дәйегін анықтапты. Құнды ағаш түрлерін кесудің 1, заңсыз балық ұстаудың 5 оқиғасы  тіркелген.

Ақтөбеде  қызметтік қару қолданатын 461 субьектіге тексеріс жүргізілді

Нәтижесінде 5 нысанда қызметтік қаруды сақтау,тіркеу, беру және қолдану ережелері  дұрыс сақталмағаны анықталды. Ақтөбелік тәртіп сақшылары қару айналымын бақылау бойынша  9 айдағы жұмыстарды қортындылады.  «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тұрғылықты мекен жайы бойынша  8454 қару иесі тексерілді. Қаруды тіркеу мен сақтау тәртібін бұзудың 164 дерегі тіркелді. Заңсыз айналымнан тегіс ұңғымалы 7 дана қару тәркіленді. Барлығы 164 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн. 700 мың тенгеден астма айып пұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы