384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақфильм» аумағында өрт болды

  • 906
  • UPD: 18:52, 30.10.2018
«Қазақфильм» аумағында өрт болды

Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының ғимараты аумағында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгін, сағат 16:56-да Өртке қарсы күрес қызметінің пультіне «Қазақфильм» аумағында декорация өртеніп жатқаны туралы ақпарат түсті. Жалын аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің алғашқы тобы 17:04-те жетті. Тілсіз жаудың таралуы 17:11-де тоқтатылып, 17:20-да толығымен ауыздықталды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. Комитеттің хабарлауынша, жалынмен күреске 12 өрт сөндіруші мен 3 техника жұмылдырылды. Оқиға салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы