388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екібастұзда қару сақтаған әйелге айыппұл салынды

  • 458
  • UPD: 00:09, 08.11.2018
Екібастұзда қару сақтаған әйелге айыппұл салынды

Екібастұз тұрғыны тіркелмеген мылтықты сақтағаны үшін 48 100 теңге көлемінде айыппұл төлейді.

«39 жастағы әйелдің тұрғылықты мекен-жайынан тіркелмеген мылтық табылды. Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, бұл қайтыс болған күйеуінің қаруы екенін түсіндірді», - деп хабарлады Екібастұз қалалық мамандандырылған әкімшілік соты. Сот қаулысымен әйел айыпты деп танылып, оған 48 100 теңге көлемінде айыппұл салынды. «Айғақ дәлел тәркіленіп, жойылды», - делінген хабарламада. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

inform.kz

Хабар 24 телеарнасы