387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Энергетика вице-министрі А.Шкарупа 215 млн теңге жымқыруға қатысты болуы мүмкін

  • 528
  • UPD: 13:06, 09.11.2018

Жақында ғана тағайындалған Энергетика министрінің орынбасары Анатолий Шкарупа 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар болуы мүмкін.

Ақордада өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында Бас прокурор Қайрат Қожамжаров шенеунікке осындай айып тақты.

Нақтырақ айтсақ, қомақты қаржы 2015 жылы ешқандай орталық жылу жүйесі жоқ. Саран қаласына жылу есептегіш құрылғыларын қою үшін бөлінген. Шкарупа бұл кезде аталған шаһардың әкімі қызметін атқарған. Еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров аталмыш мәселеге қатысты прокуратураның тексеріс жұмыстарын бастағанын мәлім етті. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы