389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда 20 күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды

  • 416
  • UPD: 13:37, 13.11.2018
Қостанайда 20 күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім табылды BNews.kz

«Екінші Қостанай» шағын ауданында тұратын Александр Рябухинді полицейлер қала орталығында қыдырып жүрген жерінен тауып алды.

Белгілі болғандай, кәмелет жасқа толмаған бала Затобол ауылында бір жігітпен танысып соның үйін паналаған. Ал соңғы уақытта жалғыз өзі көше кезіп, тұрғын үйлердің подъездерінде түнеп жүрген. Жасөспірім осыған дейін бірнеше рет үйден қашып, іздеуге салыныпты. Тіпті ішімдік ішкен күйінде құқық қорғау органдарының назарына да іліккен. Оның осындай әрекеттері үшін заңды өкілі ретінде анасы әкімшілік жауапқа тартылған.

Антонина Кудина, қалалық полиция басқармасының қызметкері:

- Жасөспірім облыстық психиатриялық диспансерде есепте тұрғандықтан, сол жерге күндізгі бөлімге орналастырылды. Емдеу шараларынан кейін оны девианттық мінез-құлықты балаларға арналған білім беру мекемесіне орналастыру жағын қарастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы