384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті

  • 606
  • UPD: 16:20, 14.11.2018
Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті Правда.Ру

Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 14 қараша күні таңда Достық даңғылы 226-мекенжайындағы тоғыз қабатты үйде болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жедел жәрдем сағат 05.39-да шақырылды. Бригада оқиға орнына 05.42-де жеткен.

«Алтыншы қабаттан құлаған 1970 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды», -  деді А.Сақпосынова.

Ер адам өзі секіріп кетті ме, әлде басқалай жағдай болды ма, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы