386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да әкесі 5 жастағы қызымен бірге өртеніп кетті

  • 509
  • UPD: 12:08, 15.11.2018
СҚО-да әкесі 5 жастағы қызымен бірге өртеніп кетті иллюстративті фото: fireman.club

Солтүстік Қазақстан облысындағы Новоишимка ауылында қайғылы оқиға болды.

Әкесі мен оның 5 жасар қызы өртеніп кетті, деп хабарлайды Sn.kz.

Өрт Зерновая көшесіндегі 3 қабатты үйдің бір бөлмелі пәтерінде болған.

«Жалын пәтердегі төсек және ағаш еденін шарпыған. Оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 2013 жылғы қыздың мәйіті табылды. Өрт аумағы 4 шаршы метрді құрайды. Өрттің шығуына пәтерде өрт қауіпсіздігі ережесін дұрыс қолданбағаны себеп болған», – дейді азаматтық қорғаушы Денис Шуваев.

Қайғылы оқиға күндіз болды. Ер адам ұйықтап жатқан кезде электр жылытқыш пеші өртеніп кеткен. Анасының айтуынша, ол баланы балабақшаға апаруы керек болған. Бірақ белгісіз себептермен үйде қалып қойыпты. Құтқарушылар тобы пәтердің есігін бұзып кіргенде ер адам жерде жатқан, ал қызды жуынатын бөлмеден тауыпты.

Хабар 24 телеарнасы