386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде көмірге талас кісі өлімімен аяқталды

  • 854
  • UPD: 23:41, 15.11.2018

Көмір үшін қиылған өмір.

Семейлік екі азамат кеніш басында қысқы отын кезегінде тұрып, бір-бірімен ерегесіп қалды, деп хабарлайды «Хабар 24». Жанжалдың соңы төбелеске ұласып, ауыр жарақаттардан жас жігіт көз жұмды. Қазір Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полицейлер күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады.

Елубек Оспанов, Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Жедел іздестіру жұмыстары арқасында ізі суымай осы қылмысты жасады деген күдікпен 1994 жылы туған Семей қаласының еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған азаматы ұсталып, қазіргі таңда бұл азамат уақытша ұстау абақтысына қамалған. Тергеу амалдары жүргізіліп, осы қылмыстың ақ-қарасы анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы