388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды

  • 462
  • UPD: 18:11, 15.11.2018
Өскеменде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды

Өскеменде көпқабатты үйден өрт шықты. 35 адам қауіпсіз жерге шығарылды, іште қалып қойған 3 адамды өртсөндірушілер аман-есен құтқарып қалды.

Олардың бірі кішкентай бала болған. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, тілсіз жау бүгін сағат 16.00 шамасында Серікбаев көшесіндегі үйдің үшінші қабатынан шыққан. Пәтер иелері үйінде болмаған екен. Қалың көк түтін 6 қабатқа бірақ жайылған, сондықтан көмекке бірнеше өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмылдырылды. 35 адам жедел эвакуацияланды. Дегенмен, соңынан өрт шыққан пәтермен көршілес пәтерде екі ересек адам мен бір баланың қалып қойғаны белгілі болды. Абырой болғанда, оларды өртсөндірушілер жедел түрде іштен алып шықты. Жалпы қызыл жалын 20 минутта сөндірілді.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы