385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда үш бөлмелі үйден өрт шықты

  • 493
  • UPD: 11:58, 16.11.2018
Павлодарда үш бөлмелі үйден өрт шықты

Саманнан қаланған үш бөлмелі үйдің ас бөлмесінде жиһаздар өртенді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Өрт туралы хабарлама сағат 22.45-те түсіп, 23.34-те толығымен сөндірілді. Еденнің бес шаршы метр аумағы жанған. Зардап шеккендер жоқ, - дейді департаментте.

Оқиға орнында газ-түтіннен қорғау қызметінен бір бөлім мен жеке құрамнан 17 адам жұмыс істеп, 50 литрлік газ балонын сыртқа алып шықты. Сондай-ақ, бір техника жұмылдырылды.

Өрттің шығуына пешті қолдану барысында ережелерді дұрыс сақтамау себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы