388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қарақшылар компания қызметкерлерінен 8,5 млн теңгені тартып әкетті

  • 492
  • UPD: 23:27, 16.11.2018

Павлодар облысында темекі өнімдерін сатумен айналысатын серіктестіктің экспедиторларына қарақшылық шабуыл жасалды.

Медициналық бетперде киген қаскүнемдер оларды қарумен қорқытып 8,5 миллион теңгесін  тартып әкеткен. Полиция департаментінің жеке құрамы мен арнайы топ күдіктілерді  4 сағат ішінде  қолға түсірді. Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 34, 36 және 48 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің мекен-жайлары бойынша жүргізілген тексеру барысында қолды болған қаражат табылып, серіктестікке қайтарылды. Экспедиторларды бірнеше күн бойы торуылдаған қаскүнемдер уақытша ұстау изоляторына жабылды.

Денис Лоскутов, облыстық ПД  криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары:

- Күдіктілер бұл қылмысқа алдын ала дайындалған. Серіктестікте жұмыс істейтін қызметкерлердің ізіне түсіп, супервайзерлер баратын жерлер мен  дүкендерді біліп алған. Осыдан кейін белгілі бір уақытты таңдап, адам аз жүретін жерде қарақшылық шабуыл жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы