386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да 19 жастағы сарбаз атылып өлген: Тергеу басталды

  • 464
  • UPD: 10:42, 22.11.2018
ШҚО-да 19 жастағы сарбаз атылып өлген: Тергеу басталды tengrinews.kz

Борышын өтеуге биыл мамырда шақыртылған 19 жастағы сарбаз 17 қарашада шекара заставасына қайтып келе жатқан жолда атылып өлген.

Бұл мәліметті ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, жігіт Алматы облыстық Қарасай ҚІО-дан шақыртылған.

«Бекітілген автоматпен оң жақ кеуде тұсына оқ атқан. Оны Зайсан қалалық орталық аудандық ауруханаға шұғыл тасымалдау шарасы жүргізілген. 14.00-де жедел жәрдем дәрігерлері орталық ауруханаға алып бара жатқан жолда сарбаз қайтыс болды, диагнозы - оң жақ кеуде тұсына оқ тиген», - делінген хабарламада.

Өлім дерегі бойынша әскери тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзiн өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер әлі анықталмаған.

Хабар 24 телеарнасы