385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды

  • 521
  • UPD: 18:11, 22.11.2018
Балқаш көліне балық аулауға кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіттері табылды koni.msk.ru

Алматы облысында Балқаш көліне балық аулауға кетіп, із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылды. Олар Шығыс Қазақстан облысына қарасты Аягөз ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 қараша күні екі адамның өлі денесі Балқаш көлінен табылды. Ерлі-зайыптылар 9 қараша күні Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай елді мекені арқылы Балқаш көліне балық аулауға кеткен болатын. Олардың хабар-ошарсыз жоғалғандығы туралы құтқару қызметіне 11 қараша күні қызы хабарлады», - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Хабар 24 телеарнасы