389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қарағанды-Саран» тас жолында минивэн мен автобус соқтығысты

  • 602
  • UPD: 18:31, 23.11.2018
«Қарағанды-Саран» тас жолында минивэн мен автобус соқтығысты

«Қарағанды-Саран» тас жолында болған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

23 қараша күні сағат 15:00 шамасында «Қарағанды-Саран» тас жолының бойында Ақтас ауылынан 1 шақырым жерде 50 жастағы Volkswagen Transporter көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, бағытындағы автобуспен соқтығысқан.

«Саран-Қарағанды» бағытындағы автобус тізгінінде 56 жастағы ер адам болған

Жол-көлік оқиғасының салдарынан Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі мен 37 жастағы жолаушысы қайтыс болып, тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Автобуста 53 жолаушы болған.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы