384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бес адам уланып, оның екеуі қайтыс болды

  • 619
  • UPD: 23:03, 24.11.2018

Қайғылы оқиға Маңғыстау облысының Маңғыстау ауылында болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдын ала болжам бойынша, олар астан немесе үйді дезинфекциялау кезінде уланған болуы мүмкін. Жедел жәрдем қызметі 23 қараша күні таңғы 7-де шақырту алған. Алайда 29 жастағы бойжеткен ауруханаға жетпей, жолда көз жұмды. Сондай-ақ 2016 жылы туған бүлдіршін шетінеп кетті. Қазір 57 жастағы әйел мен тағы үш жеткіншек өңірлік ауруханада жатыр. Екі күн бұрын №47 үйдің  тұрғындары қандала улау жұмыстарын жүргізетін маман қызметіне жүгінген. Қазір ол екі тәулікке қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 104-бабымен тергеу жүріп жатыр. Ал қаза тапқандардың жанұяларына материалдық көмек беріледі.

Берік Біләлов, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары:

- Аталған екі үйге байланысты қазіргі таңда аудан әкімдігінің тарапынан қаржылай көмек көрсету шаралары алынуда. №42 үйдің төрт подъезінің қазір екі подъезі санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қорытындысына байланысты толық көшірілді. Бірде-бір тұрғын жоқ. Маңғыстау ауылында орналасқан №26 жатақханадан орындар дайындалған. Алайда тұрғындар ағайын- жақын-тумаларына баруына байланысты бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы