445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбе облысында өрт сөндірушілер 8 адамды құтқарды

  • 702
  • UPD: 11:38, 26.11.2018

Ақтөбе облысының өрт сөндірушілері Самара-Шымкент тас жолының бойында сынып қалған автобустың ішінен сегіз адамды құтқарып алды.

Олардың жетеуі көршілес Өзбекстан елінің азаматы болса, біреуі өз отандасымыз. Бұл оқиға Ақтөбе облысының Хромтау ауданына қарасты Дон ауылының тұсында, Самара-Шымкент тас жолының 854-шақырымында болған. Жолда қалып қойған жолаушыларға Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шұғыл түрде көмек көрсетіп, оларды қауіпсіз жерге жеткізді. «Қыс қаһарына мініп, күн күрт суытқан мезгіл болғандықтан алыс жолға шығарда абай болу керек. 112 қызметі дауылды ескерту мен жолдардың жабылғандығы жайлы дереу хабар беріп отырады. Тұрғындардан сол хабарламаларға құлақ асуын сұраймыз», – дейді төтеншеліктер.

Хабар 24 телеарнасы