384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада ер адамның басына биіктен кірпіш құлады

  • 449
  • UPD: 12:01, 27.11.2018
Қызылордада ер адамның басына биіктен кірпіш құлады

Қызылорда қаласы Титов қыстағында бесінші қабаттан басына кірпіш құлаған 42 жастағы азамат ауруханаға түсті.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға қатты соққан жел салдарынан болған.

«42 жастағы азамат жабық бассүйек-ми жарақатын алды. Ол Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.

Хабар 24 телеарнасы