389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды

  • 656
  • UPD: 13:17, 27.11.2018
Павлодарда өрт сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды

Өрт жылу-оқшаулау құдығында болған. Ломов көшесі, 180 үй мекен- жайы бойынша жылу-оқшаулау құдығында қоқыс, аумағы 15 шаршы метр аумақта құбырлар жанды.

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімі мен № 2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан алты адам  және екі техника жұмыс істеді», - деді департаментте.

Өрт сағат 00:11-де ауыздықталып, сағат 00:59-де сөндірілді.

«Өртті сөндіру кезінде 58 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына шылым шегу кезінде сақтық танытпау себеп болған», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

pavlodarnews.kz

Хабар 24 телеарнасы