386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтау полициясы жеңіл жүріске салынған 34 әйелді ұстады

  • 967
  • UPD: 11:49, 30.11.2018

Ақтаулық полицейлер төрт күндік рейд кезінде жеңіл жүріске салынған 34 әйелді ұстады. «Стоп-трафик» шарасы аясында қаладағы барлық моншалар, түнгі клубтар мен жалға берілетін пәтерлер тексерілді.

Қорытындысында адам саудасы, жеңгетайлық жасау мен жезөкшелікпен айналысуға тарту баптары бойынша бес бірдей қылмыстық іс қозғалды.

Әйгерім Ибадуллаева,  облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі м. а:

- Қылмыстық істің үшеуі жеңгетайлық, екеуі жезөкшелікпен айналысуға тарту, соңғысы адам саудасына қатысты қозғалды. Сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 449-бабы, яғни, қоғамдық орында тиісу бойынша 7 дерек тіркеліп, 1 адам оқшаулау орнына жіберілді. Рейд соңында 34 жеңіл жүрісті әйел мен жеңгетайлықпен айналысқан екі қала тұрғыны есепке алынды. 

6 жыл бұрын шет мемлекетке қашып кеткен Алматы облысының тұрғыны ұсталып, елге жеткізілді. Оған 2012 жылы Райымбек ауданында болған кісі өліміне қатысты жалған айғақ бергені үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Аталған азамат кісі қанын мойнына жүктеген үш қылмыскерді «олардың бұл іске еш кінәсі жоқ» деп тергеушілерді адастырмақ болды. Дегенмен, әділдік салтанат құрып, адам өлтіргендер тиісті жазасын алды. Ал жалған айғақ беруші сол күйі із-түзсіз кеткен еді. Ол Мысырда бой тасалап жүрген жерінен тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ел аумағына әкелініп, абақтыға қамалған азамат енді Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 420-бабы бойынша заң алдында жауап береді. 

Қостанай облысында газ баллон жарылысынан адам жараланды

Қостанай облысындағы құрылыс компанияларының бірінің ауласында 0,5 литрлік газ баллонын тұтатқысы келген азамат күйіп қалды. Денесінің 15-18 пайызын күйік шалған ол Қостанай қалалық ауруханасына өте ауыр халде жеткізілді. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. «Басы мен мойыны, иығы, кеудесі және тыныс алу жолдары зақымданған науқас бірінші дәрежелі күйік алып, есеңгіреу халіне түскен. Денсаулығы біздің жіті бақылауымызда», - дейді дәрігерлер. 

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Алматы-Қорғас тас жолында жол апаты болып, салдарынан екі адам ажал құшты. Олар мінген жеңіл көлік тұманды күні жоғары жылдамдықпен келіп, «Нұр жолы» кеден бекетіне кіре берістегі бөгетке соғылған. Екі жолаушы тіл тартпай кетсе, жүргізушінің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Ол дереу жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Серік Үпиев, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамаларды тағайындау арқылы істі тергеу Алматы облыстық анықтау басқармасына тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы