384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда тұрғын үйдегі өрттен кейуана ауруханаға түсті

  • 520
  • UPD: 10:59, 30.11.2018
Оралда тұрғын үйдегі өрттен кейуана ауруханаға түсті

Оралда тұрғын үй өртеніп, 87 жастағы әйел ауруханаға түсті. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Арайлым Ғанидың айтуынша, кеше Алмазов көшесі 139/1 мекенжайында тұрғын үйдің өртенгені жөнінде хабар сағат 22.27-де түскен.

Аумағы 25 шаршы метрді қамтыған өрт 23:00-де оқшауланып, 23:54-те сөндірілген. «Оқиға орнынан қалалық көпбейінді ауруханаға 1931 жылы туған әйел жеткізілді. Ол орта дәрежеде газбен уланған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде», деді А.Ғани. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, жеңіл дәрежеде газбен уланған 1956 жылғы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты

Хабар 24 телеарнасы