383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде белгісіз ер адам әйелдерді көшеде ұрып кетіп жүр

  • 656
  • UPD: 14:39, 30.11.2018
Семейде белгісіз ер адам әйелдерді көшеде ұрып кетіп жүр altaynews.kz

Семей қалалық полиция басқармасына үш тұрғыннан арыз түсті.

Үшеуі де белгісіз ер адамның өздерін көшеде себепсіз соққыға жыққанын айтты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Осыған орай қала аумағында бірден сақтандыру хабарламалары мен оқиғаның бейнежазбалары таратыла бастапты.

Әзірге ұқсас үш оқиға тіркеліп отыр.

Бейресми ақпарат бойынша әйелдерге шабуылдап жүрген адам анықталып, қамауға алынған екен.

Хабар 24 телеарнасы