389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында бөрінің бөлтірігі адамға шапты

  • 879
  • UPD: 17:53, 30.11.2018

Аташ ауылының үш тұрғынын тістеп алған түз тағысы қызыл қасқыр болуы мүмкін деген болжам бар.

«Оқиға  28 қарашада болды. Бөлтірік қауып алған үш ер адамға құтыруға қарсы екпелер салынды. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді аудандық емхана дәрігерлері.

Айта кетейік, жараланған адамдардың бірі қасқырдың күшігінің көзін жойған. Қазақстанның қызыл кітабына енген жыртқыштың өлексесі қазір облыстық ветеринариялық зертханада зерттеліп жатыр. Қорытындысы бірнеше күндерден соң белгілі болады.

Сәлима Аташева, Түпқараған аудандық ветеринария станциясының директоры:

- 28 қарашада хабар келді Аташ селосында осындай жағдай болып жатыр деп. Жабайы жыртқыш тұрғындарға шабуыл жасаған деп. Жаңағы өлекседен биоматериалдар алып, облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырдық. Зерттеудің нәтижесін күтіп отырмыз. Жарақат алған тұрғындармен аудандық емхана айналысуда.

Хабар 24 телеарнасы